2026 жылдың сәуірінде қазақстандықтар қалай демалады

коллаж Almaty.tv
коллаж Almaty.tv

Бұл айда 8 демалыс күні бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылдың сәуір айында Қазақстанда мемлекеттік мерекелер жоқ болғандықтан, демалыс күндері тек сенбі мен жексенбі күндері болып қала береді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көктемнің екінші айында қазақстандықтарды барлығы 8 демалыс күні күтеді.

Дегенмен, сәуір айында кәсіби және өзге де мерекелер бар. Олар жұмыс күндеріне қарамастан атап өтіліп, осы салаға қатысы бар азаматтар құттықталады.

Кәсіби мерекелердің тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығының редакциясында жарияланған. Бұл құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енген.

Кәсіби мерекелер:

  • 6 сәуір (сәуірдің бірінші жексенбісі) – Геологтар күні
  • 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні
  • 15 сәуір – «Ұлттық ғашықтар күні»
  • 21 сәуір – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні

БҰҰ күнтізбесі бойынша халықаралық күндер:

  • 2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні 
  • 4 сәуір – Халықаралық мина қаупі мәселелері бойынша ағарту жұмыстары мен минасыздандырумен байланысты көмек күні
  • 5 сәуір – Халықаралық ар-ұждан күні
  • 6 сәуір – Бейбітшілік пен даму жолындағы спорттың халықаралық күні
  • 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні; Руандадағы геноцид құрбандарын еске алу күні
  • 11 сәуір – Халықаралық фашистік концлагерь тұтқындарын азат ету күні
  • 12 сәуір – Дүниежүзілік авиация және ғарыш күні (Адамзаттың ғарышты бағындырған күні)
  • 20 сәуір – Қытай тілі күні
  • 21 сәуір – Дүниежүзілік шығармашылық пен инновациялық қызметтің күні
  • 22 сәуір – Халықаралық Жер күні
  • 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні; Ағылшын тілі күні (БҰҰ); Испан тілі күні (БҰҰ, Мигель де Сервантестің қайтыс болған күніне орай белгіленген)
  • 24 сәуір – Халықаралық бейбітшілік үшін көпжақтылық пен дипломатия күні
  • 25 сәуір – Дүниежүзілік безгекке қарсы күрестің күні; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қыздар күні (IT саласындағы қыздар күні); Делегат күні (БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің рөлі туралы хабардарлықты арттыру мақсатында)
  • 26 сәуір – Халықаралық радиациялық апат құрбандарын еске алу күні (апат салдарын жоюға қатысушылар күні); Халықаралық зияткерлік меншік күні; Чернобыль апатын халықаралық еске алу күні
  • 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
  • 29 сәуір – Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы күні (химиялық қару құрбандарын еске алу күні)
  • 30 сәуір – Халықаралық джаз күні.

Оқи отырыңыз: Көктемде қандай дәрумендер қабылдау қажет - мамандар кеңесі

Новости партнеров