Ақшамызды қайтарсын, уәдеден шаршадық: Алматыда бірыңғай абонемент сатып алған ата-аналар бас көтерді

29.01.2026 20:31

Компания өкілдері балалардың дамуына жағдай жасайтын орталық  жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді

«Ақшамызды қайтарсын, уәдеден шаршадық». Алматыда балаларға арналған үйірмелер мен секцияларға қатысуға мүмкіндік беретін бірыңғай абонемент сатып алған жүздеген ата-ана бас көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматыда баласының келешегіне алаңдаған бір топ ата-ана кеңсе ғимаратына жиналып, наразылық білдірді. Олардың айтуынша, осыдан бір жыл бұрын олар бүлдіршіндердің түрлі үйірмелерге қатысуына мүмкіндік беретін, құны шамамен жарты миллион теңге тұратын абонемент сатып алған. Алайда уақыт өте келе компания жұмысын тоқтатып, қызмет көрсетуін доғарған. Ата-аналарға төлеген қаражат кері қайтармай, 4 айдан бері құр уәде берген.

«Олар бір айдың көлемінде ақшаны қайтарамыз деп уәде берді. 4 желтоқсанға дейін мен күттім. Бірақ уәде орындалмады. Қаншама ата ана орталыққа бара алмай жүрген. Не ақшасын қайтара алмай жүр», – деді қала тұрғыны Әйгерім Әділханқызы.

«Мен 8 қаңтарда ресми хат жолдадым. Содан бері олар жауап қатпай отыр. Үнемі «ертең, ертең» деп уақыт созады. «Бізде мықты инвестор бар, барлық қарыздар жабылады» деп уәде берген. Алайда бұған қазір ешкім сенбейді. Себебі бұл жағдай бірнеше айдан бері жалғасып келе жатыр. Ал абонементті қарызға алып, әлі несие төлеп жүрміз. Тезірек шешілсе екен», – деді қала тұрғыны Айгүл Нұғманова.

Ал компания өкілдері балалардың дамуына жағдай жасайтын орталық  жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Алайда абонементтік жүйе қаржылық тұрғыда тиімсіз болып, кәсіптің шығынға ұшырауына әкелгенін айтады.

«Соңғы уақытта қаржылық қиындықтар болды. Яғни «кассалық үзіліс» дейді ғой. Себебі келушілер саны күткенімізден де көп болып шықты. Сол үшін инвестиция тартумен айналыстық. Қазір инвестормен келісімге келдік. Соның арқасында келесі аптадан бастап тұтынушыларға қарыздарды қайтаруды бастаймыз», – деді компания өкілі Абай Тұрғымбаев.

Айта кетейік, аталған компания 2024 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Қазір Алматы мен елордада шамамен 2 жарым мыңға жуық ата-ана абонемент сатып алған. Алайда олардың төлеген қаражаты толық көлемде қайтарыла ма әлде жартылай өтеле ме, белгісіз?

Мәди Мәлік. Ялкунжан Әшімжанұлы

Оқи отырыңыз: Орындалмаған уәде: жаңа жыл түні үйі өртенген тұрғындар әлі қонақ үйді паналап жүрызды қайтарсын, уәдеден шаршадық». Алматыда балаларға арналған үйірмелер мен секцияларға қатысуға мүмкіндік беретін бірыңғай абонемент сатып алған жүздеген ата-ана бас көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

¤Алматыда баласының келешегіне алаңдаған бір топ ата-ана кеңсе ғимаратына жиналып, наразылық білдірді. Олардың айтуынша, осыдан бір жыл бұрын олар бүлдіршіндердің түрлі үйірмелерге қатысуына мүмкіндік беретін, құны шамамен жарты миллион теңге тұратын абонемент сатып алған. Алайда уақыт өте келе компания жұмысын тоқтатып, қызмет көрсетуін доғарған. Ата-аналарға төлеген қаражат кері қайтармай, 4 айдан бері құр уәде берген.

¤