Ол Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында тұрғындарды жүргізуші куәлігін рәсімдеуге көмектесемін деп алдап келген
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында жүргізуші куәлігін рәсімдеуге көмектесемін деген желеумен тұрғындарды алдап келген азамат қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv
Полицияның мәліметінше, күдікті арам пиғылын әлеуметтік желі мен интернет платформаларда іске асырған. Оның сөзіне сенген азаматтар қажетті қызмет үшін алдын ала ақша аударыпты. Алайда қаржыны алғаннан кейін күдікті байланысын үзіп, уәдесін орындамаған. Құқық қорғау органдары тұрғындарды сақ болуға шақырып, мемлекеттік қызметтерді заңды жолмен ғана рәсімдеуге кеңес береді. Сондай-ақ күмәнді жарнамаларға сенбей, бейтаныс адамдарға алдын ала ақша аудармау қажет екенін ескертеді.
«Алдын ала деректерге сәйкес, оның әрекетінен кемінде 20 адам зардап шеккен. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ұлытау облысының ПД бұндай заңсыз ұсыныстарға сенбеуге шақырады», – деді Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімшесі бастығының м. а. Мұхамед Кәрменов.
Оқи отырыңыз: Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі