БҚО-да ауыл маңынан заңсыз төгілген медициналық қалдықтар табылды

Байқоныс елдімекіндегі қоқыс аумағынан қолданылған шприцтер мен қан сынамалары бар түтікшелер анықталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауыл маңынан медициналық қалдықтар табылды. Батыс Қазақстан облысы Байқоныс елдімекіндегі қоқыс аумағынан қолданылған шприцтер мен қан сынамалары бар түтікшелер анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv 

Қауіпті қалдықтар туралы ақпарат тарағаннан кейін оқиға орнына санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мен құқық қорғау саласының қызметкерлері барыпты. Алдын ала мәлімет бойынша, медициналық қалдықтарды жинаумен және жоюмен айналысатын ұйымның қызметкерлері шприцтер мен қан сынамалары бар түтікшелерді заңсыз төккен. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

«Басқарма Экология депатраментімен бірлесіп санитария-химиялық, микробиологиялық сынақтар алып, тексеріп жатыр. Алдын ала нәтижелері 3-7 күннің аралығында белгілі болады. Қалдықтар табылған жерде  дизинфекциялық жұмыстар жүргізілді», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Кереева.

Оқи отырыңыз: Ақшаны алып, жоқ болған: желіде жалған жарнама таратқан күдікті анықталды

 

 

Новости партнеров