Ақшаны электронды әмияннан аударады: мамандар күмәнді платформаларға сенбеуге шақырды

29.01.2026 14:17

Бас прокуратура мәлімдеуінше, былтыр елімізде 14 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген

Былтыр елімізде 14 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты алаяқтық тәсілдері де күрделене түскен. Өзекті мәселе «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық» тақырыбында өткен жиында қаралды. Басқосуға сот сарапшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандары қатысып, тәжірибе алмасты.

Іс-шарада спикерлер интернет-алаяқтықтың негізгі түрлеріне тоқталып, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік мәселесін жан-жақты талқылады, оның алдын алу жолдарын ұсынды.

«Азаматтарға айтарым, интернетте алаяқтық өте көп. Олар жүйені бұзып, ақшаңызды электрондық әмияннан аударады. Сондықтан күмәнді платформаларға сенбеу керек, әйтпесе қиын жағдайға тап болуыңыз мүмкін», – деді Алмалы ауданы прокуратурасының аға прокуроры Әсел Әбдікәрімова.

Оқи отырыңыз: Заң және тәртіп: көліктегі қауіпсіздік күшейтілді