Процестерді цифрландыру балаға көрсетілетін көмектің бірыңғай бағытын қалыптастырмақ
«Қазақстан балалары» 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде балаларды психологиялық диагностикалау және сүйемелдеу бойынша бірыңғай цифрлық платформа құрылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоба қауіп-қатерлерді ерте анықтауға, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және баланы қорғау жүйесінде педагог-психологтардың рөлін күшейтуге бағытталған.
Жаңа платформа психологиялық және мінез-құлықтық тәуекелдерді жүйелі түрде анықтауға, баланың психоэмоциялық жағдайының динамикасын бақылауға, сондай-ақ қолдауды қажет ететін балаларды үздіксіз әрі нысаналы түрде сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Процестерді цифрландыру балаға көрсетілетін көмектің бірыңғай бағытын қалыптастыруға, ведомстволар арасындағы функциялардың қайталануын болдырмауға және мамандарға түсетін кәсіби жүктемені азайтуға жағдай жасайды.
Жалпы алғанда, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы педагог-психологтар институтын және балалардың психологиялық қауіпсіздігі жүйесін кешенді түрде нығайтуды көздейді.
Атап айтқанда, келесі шараларды іске асыру жоспарланып отыр:
Аталған шараларды іске асыру нүктелік әрекеттерден жүйелі профилактикаға көшуге, педагог-психологтардың мәртебесі мен кәсіби тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ тұрғылықты өңіріне қарамастан әрбір балаға уақтылы, кәсіби және үздіксіз психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Отбасы, тәртіп, жауапкершілік: Алматыда әкелер форумы өтті