Ақтау портында контейнер тасымалы рекордтық деңгейге жетті
Компанияның мәліметінше, биылғы жылдың қыркүйектегі қорытындысы бойынша Ақтау порты арқылы 10 186 TEU ауыстырып тиелді
Ақтау порты арқылы контейнерлік тасымал көлемі рекордтық деңгейге жетті. 2026 жылғы қыркүйекте портта 10 186 TEU өңделіп, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 80%-ға көп болды. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК-ның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Компанияның мәліметінше, биылғы жылдың қыркүйектегі қорытындысы бойынша Ақтау порты арқылы 10 186 TEU ауыстырып тиелді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңі көрсеткішінен 80% артық.
"Қол жеткізілген нәтиже порт үшін жаңа рекордтық көрсеткіш болды және Каспий теңізі арқылы контейнерлік тасымалдарға сұраныстың тұрақты өсімін көрсетеді", — делінген хабарламада.
Оң динамикаға ТХКБ бойынша жүк ағыны көлемінің ұлғаюы, маршрутта контейнерлік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жүктерді теміржол және порттық өңдеу мүмкіндіктерін кеңейту ықпал етіп отыр.
Оқи отырыңыз: Нұрлыбек Нәлібаев Алматыдағы жол құрылысы мен медицина нысандарын аралады