Ақтауда балалар автобуста ересектердің деңгейінде жолақысын төлеп келген

14.09.2026 21:37

Қоғамдық көліктерде кәмелетке толмағандарға арналған тариф бойынша QR-код болмаған

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтау қаласында балалар автобуста ересектердің деңгейінде жолақысын төлеп келгені белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Прокуратураның мәліметінше, талдау барысында қоғамдық көліктерде кәмелетке толмағандарға арналған тариф бойынша QR-кодтардың болмағаны анықталды. Соның салдарынан балалар жолақысын жалпы тариф бойынша төлеуге мәжбүр болған.

«Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде жергілікті атқарушы орган кәмелетке толмағандарға арналған тарифті қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етті. Ақтау қаласы прокуратурасының қабылдаған шараларының нәтижесінде 10 мыңнан астам кәмелетке толмаған жолаушының құқықтары қорғалды», – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Семейде 9-сынып оқушысы досын пышақтап тастады

Толық көрсету