Ақтауда борышкерлерден 129 миллион теңгеден астам берешек өндірілді

Ақтауда жыл басынан бері борышкерлерден 129 миллион теңгеден астам берешек өндірілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда жыл басынан бері борышкерлерден 129 миллион теңгеден астам берешек өндірілді. Қалалық прокуратураның мәліметінше, аталған соманың басым бөлігі яғни, 82,3 миллионы – алименттік қарыз, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Берешекті өндіру мақсатында 1 пәтерге, 2 жер учаскесіне және 2 автокөлікке тыйым салынды. Алимент төлеуден жалтарған 41 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 15 азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар прокурорлық қадағалау нәтижесінде мемлекет пайдасына 46,8 миллион теңге өндірілді. Борышкерлерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 33 адам тұрақты жұмысқа орналасуға ниет білдіріп, 18 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. ¤

«Қазіргі таңда Ақтау қаласы бойынша 200-ден астам борышкер қасақана алимент бойынша борышын өтемей жүр. Қалалық прокуратурада нақты шаралар қабылдануда. Борышын өтемеген жағдайда қатаң заңмен жазаланады», – деді қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Қанафия Есенжан.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі мердігерлерге құрылыс сапасын күшейтуді тапсырды