19 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді
Ақтау қаласы прокуратурасының бастамасымен борышкерлерден 280 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Прокуратура органдары алиментті уақтылы өндіру және мемлекет пайдасына қаражатты қайтару мәселесіне ерекше назар аударады.
2025 жылы Ақтау қаласы прокуратурасының бастамасымен алимент алушылардың пайдасына 174 млн астам теңге өндірілді.
«Қабылданған шаралар аясында берешекті өтеу есебінен борышкерлерден бір пәтер және төрт автокөлік құралы тәркіленді», - делінген прокуратура хабарламасында.
Кірістерін жасырып, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарған 52 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 19 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Сонымен қатар прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде мемлекет кірісіне 108 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, оның ішінде әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік баждар және салықтық берешектер бар.
Прокуратура алименттерді уақытылы төлеу, сондай-ақ мемлекет кірісіне берешекті өтеу әрбір борышкердің міндеті екенін еске салады.
Оқи отырыңыз: Астанада клиника басшысы ӘМС қорынан 682 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді