Бұл ақпаратты полиция департаменті растады
Ақтауда қаңтар айының соңынан бері із-түзсіз жоғалған әйелдің қаза тапқаны туралы ақпаратты полиция департаменті растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде 30 қаңтарда жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің көз жұмғаны туралы мәлімет тараған болатын. Бұл ақпаратты полиция департаменті де растады.
Ведомствоның мәліметінше, іздеуде болған әйелдің денесі табылған.
Өлімнің нақты себебі, сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша анықталады.
Құқық қорғау органдары түпкілікті қорытындыны кейінірек жариялайтынын мәлімдеді.
Еске салайық, полиция оны тәулік бойы іздестіру жұмыстарын жүргізген еді.
Оқи отырыңыз: Балаларға онкологиялық көмек: Қазақстандағы емдеу нәтижелері қандай