Ақтауда қоқыс шығару қызметіне қатысты дау шықты

Almaty.tv
Almaty.tv

Тұрғындардың айтуынша, төлем түбіртегіне бұрыннан қызмет көрсетіп келе жатқан компаниядан бөлек, жақында тағы бір мекеме қосылыпты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда қоқыс шығару қызметіне қатысты дау шықты. Қала тұрғындары 2 айдан бері коммуналдық төлем түбіртегіндегі екі бірдей мекемеге ақша төлеп келген. Бұған қарсылық білдірген жұрт жаңадан пайда болған компания тұрғындарға не қызметін таныстырмаған, не тарифтерін түсіндірмеген деп отыр.

Ақтаулықтардың тұрмыстық қалдығына коммуналдық қызметтер таласып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, төлем түбіртегіне бұрыннан қызмет көрсетіп келе жатқан компаниядан бөлек, жақында тағы бір мекеме қосылыпты. Тұрғындар ғайыптан пайда болған компанияға хабарласып, жеке дерегімізді қайдан алдыңыздар дегенде, олар әкімдік бергенін айтық. Көпшілік «алаяқтарға алданғанымыз аздай, шенеуніктер осылай жеке басымызды анықтайтын мәліметтерді кім көрінгенге бере сала ма?»деп ашуға булықты.¤

«Екі кәсіпкер бір-бірімен дауласып, тұрғындар зардап шекпеуі керек ғой. Жеке кәсіпкер болған жерде тұрғындармен кездесіп, қандай жеңілдіктері бар барлығын таныстырып, құжаттарын көрсетіп келісімшартқа отыруы керек болатын. Алайда бұлар заңсыздыққа жол беріп отыр Әкімдіктен жеке деректерімізді заңсыз алып, ақша тағайындап отыр», – деді қала тұрғыны Арман Тайлақов.

«Бізге ешкім келіп есігімізді қағып, келісімшарт көрсетіп берген жоқ. Көршілерден естіп жатырмыз, не сұмдық?» – деді қала тұрғыны Жұмақыз Баубекова.

Қала әкімдігі аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, жаңа мекеме заңды негізде жұмысын бастаған. Ал жеке деректердің таралып кетуіне қатысты ақпаратты жалған дейді. Яғни әкімдік бермеген. Компания жария шарт негізінде төлем ақысын жібере алады екен.

«Тариф бойынша Ақтау қалалық мәслихатының шешіміне сәйкес 450 тг НДСпен 504 тг адам басына бекітілді. Барлық қоқыс шығарушы мекеме бұл тарифтен аса алмайды, яғни бәрінің тарифы бірдей. Жария шартқа сәйкес автоматты түрде жеңімпаз болып анықталды ғой. жария шарт арқылы әр тұрғынның үйіне түбіртектерін жібере береді», – деді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Ғазиз Сағынғалиев.

Қоқысқа талас дауы әзірге шешім таппады. Себебі әкімдік өкілінің айтуынша, екі төлем келмес үшін тұрғындар ескі компаниямен келісімшартты бұзуы қажет екен. Сол кезде ғана екі есе тариф мәселесі шешіледі.

Жасұлан Мұқан, Мұқағали Нұрдәулет, Ақтаудан.

Оқи отырыңыз: Тәрбиешінің қолында шетінеген сәбидің өліміне қатысты іс қаралып жатыр

Новости партнеров