Ақтауда әскери ұшқыштардың ауқымды оқу-жаттығуы өтті

30.12.2025 15:10

Бұл жаттығу – еліміздің барлық өңірін қамтыған кешенді жауынгерлік дайындықтың бір бөлігі

Ақтауда әскери ұшқыштардың ауқымды оқу-жаттығуы өтті. 30153 әскери бөлімі базасынан СУ-27 жойғыш ұшағы және Ми-35 шабуылдаушы, Ми-8 көпмақсатты тікұшақтары әуеге көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары да тартылды. Жаңа жыл қарсаңында өткен жаттығу барысында ұшып-қонумен қатар күрделі элементтер, оқыс жағдай бола қалған кездегі іс-әрекеттер де пысықталды. Инженерлік-авиациялық қызметтердің дайындығы да ерекше назарда. Бұл жаттығу – еліміздің барлық өңірін қамтыған кешенді жауынгерлік дайындықтың бір бөлігі. Каспий жағалауымен қатар Астана мен Талдықорған, Тараз бен Қарағанды, Балқашта орналасқан әскери авиация да бір мезетте көкке көтерілді.

«Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты» демекші, Б. Момышұлы  жүрегімізде мәңгі сақтаулы. Ол – батырлық пен адалдықтың, тәрбие мен тәртіптің символы. Бүгінгі оқу жаттығу Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арнаймын. Мен үшін үлкен мәртебе және үлкен бақыт, шын жүректен қуаныштымын!» – деді 19132 ә/б авиация эскадрильясының ұшқышы Асхат Сеилов.

Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында емхананың филиалы ашылды