Ақтөбе облысында 6-сынып оқушысы өзіне қол салды

Ол мектеп өміріне белсенді араласып, ат спортымен шұғылданған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында 6-сынып оқушысы өз-өзіне қол салған. Оқиға Кеңқияқ ауылында тіркелген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Темір аудандық білім бөлімінің мәліметінше, екінші ауысымда оқыған 13 жастағы жасөспірім сол күні сабаққа бармаған. Ұстазы алаңдап, ата-анасына хабарласқан соң іздестіру шаралары басталып, нәтижесінде бала үй маңындағы қора-жайдың ішінен асулы күйде табылған.

Айта кетейік, қаза болған оқушы мектеп өміріне белсенді араласып, ат спортымен шұғылданған. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта бала құқықтарын қорғау басқармасы, бала құқықтары жөніндегі уәкіл, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық жағдайына қосымша назар аударып, қажет болған жағдайда қолдау шараларын күшейтіп жатыр», – деді Темір аудандық білім бөлімінің басшысы Болатбек Иманғалиев.

Оқи отырыңыз: Теміртау қаласындағы құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты

Новости партнеров