Ақтөбе облысында автобус бұзылып, 50-ге жуық жолаушы аязда қалған

17.01.2026 11:24

Эвакуацияланғандардың барлығына қажетті көмек көрсетілді

Depositphotos.com

 

Ақтөбе облысында автобус бұзылуы салдарынан аязда жолда қалған 50-ге жуық жолаушы құқтқарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, Әйтеке би ауданында республикалық маңызы бар Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолының 89-шақырымында құтқарушылардың жергілікті атқарушы органдармен бірлескен күшімен техникалық ақауы бар автобустың жолаушыларын эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

Автобус Екатеринбург – Худжанд бағытымен жүріп келе жатқан, алайда техникалық себептерге байланысты қозғалысын жалғастыра алмаған.

"Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің нәтижесінде 46 адам, оның ішінде Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы - жүргізуші эвакуацияланып, Т. Жүргенов атындағы ауылдағы жылыту пунктіне жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Эвакуацияланғандардың барлығына қажетті көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысындағы автобус апаты: тағы бір жолаушы көз жұмды