Атырау облысында жоғалған отбасының қызы мен ұлын іздеу жұмысы тоқтатылды

17.01.2026 11:53

Тергеу барысында қорадан үй иесі мен оның жұбайының денелері табылған болатын

Видеодан кадр

Атырау облысына қарасты Жангелдин ауылында Наурыз бен Мирамгүлді іздеуге бағытталған іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

"Ақ Жайық" басылымының жазуынша, полиция департаменті іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық полиция департаментінің ресми сұрауы бойынша құтқару бөлімшелері тартылып, елдімекен аумағы толық тексерілгенін мәлімдеген.

— Полиция белгілеген барлық учаскелер толық тексерілді. Қазіргі уақытта полиция департаментінен іздестіруді жалғастыруға қатысты жаңа тапсырмалар немесе бағыттамалар түскен жоқ, — деп мәлімдеді ТЖД.

Еске сала кетейік, бір отбасының мүшелерін іздеу былтырғы 25 желтоқсанда туыстары құқық қорғау органдарына жүгінгеннен кейін басталған еді. Тергеу барысында қорадан үй иесі мен оның жұбайының денелері табылған болатын. Алайда олардың балалары — Наурыз бен Мирамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ.

Сонымен қатар қаза тапқандардың күйеу баласы — Сұлтан Сарсемалиевтің қайда екені белгісіз. Ол кісі өлтіру ісі бойынша күдікті ретінде қарастырылып отыр. Сондай-ақ оның жұбайы Ақбаян — қаза болған ерлі-зайыптылардың қызы да із-түзсіз кеткен.

Оқи отырыңыз: Жоғалған отбасы: Атырау облысында ерлі-зайыптыларға халықаралық іздеу жарияланды