Марқұм Еркін Далмағамбетов әкімдік қызметке өткен жылдың маусым айынан бері атқарған
Ақтөбе облысы Темір қаласының әкімі өз-өзіне қол салып, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл оқиғаны аудан әкімдігі мен полиция растады.
"46 жастағы Еркін Оразбекұлы Далмағамбетовтің мәйіті 20 желтоқсанда кешкі сағат 9 шамасында үйінен табылған. Қазір өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", – деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Марқұм Еркін Далмағамбетов әкімдік қызметке өткен жылдың маусым айынан бері атқарған.
Оқи отырыңыз: Мысығын кір жуғыш машинаға салып жуған келіншек әкімшілік жауапкершілікке тартылды