Ол жүк көлігінің жүргізушісі болып шықты
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Ақтөбе облысының эко-белсендісі Евгений Лазарчук тарапынан жарияланған ақпарат анықталды. Онда белгісіз тұлғалардың дала аумағына бірнеше жүк көлігімен тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төккені туралы айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған дерек бойынша учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнына дереу барып, құқық бұзушылық фактісін растады. Жедел жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде бірнеше сағат ішінде күдікті тұлға анықталды. Ол жүк көлігінің жүргізушісі болып шықты. Аталған азамат жауапкершілікке тартылды. Полицияның талап етуімен құқық бұзушы өз есебінен келтірілген залалды жойып, аумақты тазарту жұмыстарын жүргізді. Полиция қоршаған ортаны ластауға жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салады.
"Табиғат – баршамызға ортақ құндылық. Оны таза ұстау – әр азаматтың міндеті", делінген хабарламада.
Дереккөз: Polisia.kz
Оқи отырыңыз: Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80 пайызға дейін артады