Ер адам күні бойы ішімдікке салынып, өгей ұлының 22 жастағы әйелін зорлаған
Ақтөбе облысында келінін зорлады деп айыпталған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда 53 жастағы айыпталушы өз кінәсін мойындамады.
Еске сала кетейік, жантүршігерлік жағдай былтыр қарашада Бесқопа ауылында болған. Тергеу деректеріне сүйенсек, ер адам күні бойы ішімдікке салынып, өгей ұлының 22 жастағы әйелін зорлаған. Сол күні келіншек үйде жалғыз болған.
«Сот үкімімен сотталушы ҚК 120 бабы, 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деді қтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Жансая Таирова.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында бір үйден 4 адамның мәйіті табылды