Бұл ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады
Алматы облысындағы шаруашылық қожалығында бір отбасы қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
БАҚ беттерінде тараған бұл ақпаратты Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі растады.
Департамент мәліметінше, 2 ақпанда Райымбек ауданының әкімдігінен Сарыбастау ауылындағы шаруа қожалығының қайғылы оқиға болғаны туралы ақпарат түскен.
— Жеке тұрғын үйден туысы төрт адамның денесін тапқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өлім себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері шықты, — деп хабарлады ТЖД.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында алтынды заңсыз өндіру деректері анықталды