Сегіз жолаушы жарақат алды
Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Байғанин ауданында болған. «Ақтөбе – Астрахань» тас жолында жүк көлігі мен екі жеңіл автомобиль соқтығысқан, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Салдарынан бір көлік өртеніп кетіпті. Екі адам оқиға орнында жан тәсілім етсе, тағы бірі ауруханада көз жұмған. Сегіз жолаушы жарақат алыпты. Оларға көмекке санитарлық авиация бригадасы жіберіліпті. Жантүршігерлік жол апатының себептері анықталып жатыр.
«Өкінішке қарай өте ауыр хәлде жеткізілген бір адамның өмірін сақтап қала алмадық. Қалған науқастар тиісті емін қабылдап жатыр. Ақтөбеден арнайы санитарлық авиация бригадасы келді. Жағдай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бақылауында», – деді Байғанин аудандық ауруханасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Әуезов.
Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Байғанин ауданында болған. «Ақтөбе – Астрахань» тас жолында жүк көлігі мен екі жеңіл автомобиль соқтығысқан. Салдарынан бір көлік өртеніп кетіпті. Екі адам оқиға орнында жан тәсілім етсе, тағы бірі ауруханада көз жұмған. Сегіз жолаушы жарақат алыпты. Оларға көмекке санитарлық авиация бригадасы жіберіліпті. Жантүршігерлік жол апатының себептері анықталып жатыр.
«Өкінішке қарай өте ауыр хәлде жеткізілген бір адамның өмірін сақтап қала алмадық. Қалған науқастар тиісті емін қабылдап жатыр. Ақтөбеден арнайы санитарлық авиация бригадасы келді. Жағдай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бақылауында», – деді Байғанин аудандық ауруханасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Әуезов.
Оқи отырыңыз: Тең мүмкіндіктер алаңы: Алматыда ерекше балалар мен ата-аналар бақ сынауда