Ауыр жарақат алған 6 адам әлі де ем қабылдауда
Ақтөбеде 12 адамның өмірін жалмаған жол апаты бойынша сот процесі басталмай жатып, тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өйткені, қайғылы жағдайға себепкер деп айыпталған жүк көлігінің жүргізушісі – қайтыс болған. Қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес, сотталушы қаза тапқан жағдайда іс сотқа жетпей, тергеу сатысында тоқтатылуы тиіс. Алайда қылмыстық қудалау органы бұл талапты орындамай, айыптау актісін жасап, істі сотқа жолдаған.
Еске сала кетсек, қайғылы жағдай қазанда болған. Самара-Шымкент тас жолында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, екі жүргізуші мен 10 жолаушы қаза тапты. Мерт болғандардың екеуі – бала. Ал ауыр жарақат алған 6 адам әлі де ем қабылдауда.
«Осы әрекеттерімен қайтыс болған 1994 жылы туылған Қалилов Зухриддин Исматуллаұлы ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады. Яғни көлік құралын басқаратын адамның жол жүру қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына орташа және ауыр зиян келтіріп, сонымен қоса екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет жасаған», – деді мемлекеттік айыптаушы Элдьдар Әбілов.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 60-қа жуық адам эвакуациялады