Бір адам Байғанин аудандық ауруханасына жеткізілді
Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, бес адам көз жұмды Полиция қазір тергеу жүргізіп жатыр. Бір адам Байғанин аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға Ақтөбе-Атырау тасжолының Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында болды. «ВАЗ» және «DAF» автокөліктері соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.
Оқи отырыңыз: Балалардың 60 пайызы әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады - сарапшылар