Ақтөбеде қоқыс алаңынан табылған ер адамның өліміне кінәлі күдікті ұсталды

18.03.2026 14:35

Куәгерлердің сөзінше, марқұмның денесі сөмкеге салынып, бірнеше күн бойы сол жерде жатқандықтан, айналаға жағымсыз иіс тараған

Ақтөбеде қоқыс алаңынан табылған ер адамның өліміне кінәлі күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бес күн бұрын қала орталығындағы қоқыс жәшіктерінің бірінен мәйіт табылғанын еске салайық.

Куәгерлердің сөзінше, марқұмның денесі сөмкеге салынып, бірнеше күн бойы сол жерде жатқандықтан, айналаға жағымсыз иіс тараған. Алдын ала деректерге сәйкес, бірге ішімдік ішкен күдікті мен жәбірленушінің арасында кикілжің туындаған. Соңы қайғылы жағдайға ұласып, марқұм пышақ жарақаттарын алған.

«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»,– деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Заңсыз ойын бизнесі: Түркістанда қаражат мемлекет пайдасына өндірілді

Теги: Ақтөбе