Ол бұрын дәл осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған
Түркістан облысының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, аса ірі мөлшерде табыс тапқаны үшін кінəлі деп танылған. Ол бұрын дәл осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қылмыстық істің құжаттарына сəйкес ол заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру нəтижесінде 20 млн теңге кіріс алған.
Сарыағаш аудандық сотының үкімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, ҚК-нің 63-бабын қолданумен жазасы шартты деп белгіленді.
Апелляциялық сатыда прокурордың өтінішхаты қанағаттандырылып, үкімнің шартты деп есептелу бөлігінің күші жойылды.
Сот актісінің заңдылығын қадағалау тәртібімен тексеру нәтижесінде заңсыз кіріс ретінде алынған 20 млн теңге тәркіленбегені анықталды.
Бас прокуратураның кассациялық наразылығы бойынша сот актілері өзгертіліп, аталған қаражат мемлекет пайдасына өндірілді.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша қылмыс жасағы үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін назарға саламыз.