Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөздер қолданған тұрғын жауапқа тартылды
Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды
Полиция TikTok әлеуметтік желісінде қоғамдық мораль мен мінез-құлық нормаларын өрескел бұзатын бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv
Тексеру барысында аталған бейнежазбаның авторы Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғыны Мөлдір Әуезова екені анықталды. Полиция қызметкерлері жинақталған материалдар негізінде оның әлеуметтік желіде жарияланған бейнематериалда балағат сөздер айтып, ұсақ бұзақылық жасағанын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесіне қатысты ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағанын анықтады.
Аталған факті бойынша Мөлдір Әуезова әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Полиция әлеуметтік желілердің де жалпыға қолжетімді қоғамдық кеңістік екенін еске салады. Сондықтан әлеуметтік желі қолданушыларының әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары қолданылады.
Оқи отырыңыз: Маңғыстауда қатты жел тұрғын үйдің шатырын ұшырып кетті