Ақтөбеде пара сұраған шенеунік 67 млн теңге айыппұл арқалады

Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 44 млн теңге деп бағаланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

3 млн теңге пара сұраған шенеунік 67 млн теңге айыппұл арқалады. Ақтөбеде кәсіпкерге құжат тексерісін жабуға жәрдемдеспек болған бұрынғы салық саласының қызметкері заң алдында жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселе 2021–2023 жылдары елге әкелінген автокөліктердің электронды декларацияларын талдаудан басталған. Тексеру барысында заң талаптарын өрескел бұзып, құжаттарды рәсімдеген тасымалдаушы анықталған. Салдарынан мемлекетке келтірілген шығын көлемі 44 млн теңге деп бағаланған. Іс сот қарауына жолданған. Мұны өз пайдасына асырмақ болған кедендік бақылау қызметкері кәсіпкерге мәселені шешіп беруді ұсынған. Қызметі үшін ер кісі 3 млн теңге талап еткен көрінеді. Алайда кәсіпкер заңсыз ұсынысқа келіспей, бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлапты. Ақыры шенеунік пара беру кезінде қолға түскен.

«Сот үкімімен айыпталушы ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 366-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 67 млн 500 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды», – деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Жансая Таирова.

Оқи отырыңыз: Жамбылда жолдасына ашуланған ана 2 жастағы баласын аяусыз ұрған

Новости партнеров