Ақтөбеде тұрғын заңсыз төккен қоқысын қайта жинады

10.11.2026 14:29

Тұрмыстық, құрылыс және ірі көлемдегі қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастауға тыйым салынады

Polisia.kz.

Ақтөбеде тұрғын заңсыз төккен қоқысты жинауға міндеттелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ірі көлемдегі қоқысты белгіленбеген жерге төккен Ақтөбе қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қоршаған ортаға келтірілген залалды өз күшімен жоюға міндеттелді.

9 қараша күні полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының сыртында, Ақжар елдімекеніндегі карьер маңында ірі көлемдегі қалдықтардың заңсыз төгілгенін анықтады.
Тексеру барысында жергілікті тұрғынның ЗИЛ маркілі жүк көлігімен қоқысты қалдықтарды төгуге арналмаған аумаққа түсіргені белгілі болды. Полиция абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар ер адам төгілген қоқысты өз күшімен жинап, арнайы полигонға жеткізу міндеттелді.

Тұрмыстық, құрылыс және ірі көлемдегі қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастауға тыйым салынады.

Мұндай қалдықтарды тек арнайы жабдықталған полигондарға апару қажет.

Дереккөз: Polisia.kz 

Оқи отырыңыз: Климаттық өзгеріс: елімізде жылыту маусымының уақыты өзгеруі мүмкін

Толық көрсету