Ақтөбедегі 12 адам қаза тапқан жол апаты: аман қалған баланың жағдайы туралы айтылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бала жантүршігерлік жол апатынан кейін комаға түскен, бірнеше сүйегі сынған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Самара–Шымкент тас жолындағы 12 адамның өмірін қиған жол апатынан тірі қалған 16 жастағы жасөспірімнің жағдайы жақсарып келеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Диапазон» басылымының жазуынша, жасөспірім қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінінен нейрохирургия бөліміне ауыстырылды.

Бала 23 қазанда болған жантүршігерлік жол апатынан кейін комаға түскен, бірнеше сүйегі сынған. 12 қарашада жасөспірімнің есін жиғаны хабарланғанымен, жағдайы ауыр екені және сөйлемейтіні айтылды.

Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде бала өздігінен тамақтанады, ерте реабилитациядан өтіп жатыр, бірақ жарақаттарына байланысты әзірге жүре алмайды.

Апаттан аман қалған алты адамның ішінен қазіргі кезде 51 жастағы ер адам ғана ауруханада қалып отыр. Оны 28 қазанда Астанадағы Ұлттық үйлестіру орталығына жеткізген. Ол да комадан шыққан, бірақ ауыр жарақаттарынан әлі айықпаған.

Қалған төрт жәбірленуші үйлеріне шығарылған.

Еске салайық, 23 қазанда Жүргенов атындағы ауыл мен Ақтөбе арасындағы бағытта қатынайтын «ГАЗель» көлігі Белқопа маңында жүк көлігі DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Полиция дерегінше, жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кеткен. Қылмыстық іс қозғалды, арнайы тергеу тобының жұмысы әлі жарияланған жоқ.

Оқи отырыңыз: Қостанайда мас тұрғын көшедегі әйел мен оның итін атып тастамақ болған

Новости партнеров