Қостанайда мас тұрғын көшедегі әйел мен оның итін атып тастамақ болған

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Сот шешімі бойынша ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда ит ерткен әйелді қару кезеген ер адам сотталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қоғамдық орында пневматикалық қарумен қорқыту фактісі бойынша істі қарады.

Белгілі болғандай, оқиға 27 қарашада сағат 21:40 шамасында болған. Мас күйдегі тұрғын көшеде пневматикалық қаруды сермеп, айналадағы адамдарды қорқытқан. Сонымен бірге бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сотта ол қаруды үйдің кіреберісінен тауып алғанын, ит пен оның иесін көргенде өзін қорғау үшін бағыттағанын түсіндірді. Бірақ оқиғаның куәгері оның қаруды бірден өзіне бағыттап, тартып алуға тырысқан кезде қарсыласқанын айтты. Айқайдан кейін туыстары шығып, қаруды ер адамның қолынан алып қойған.

«Сот шешімі бойынша ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ», - делінген сот хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Новости партнеров