Көпшіліктің айтуынша, жағымсыз иіс ауаға тарап, тыныс алу қиындай түскен
Ақтөбеде қоқыс полигонынан ұшқан қалдықтар желмен шашылып, аулалар қоқысқа толған. Көпшіліктің айтуынша, жағымсыз иіс ауаға тарап, тыныс алу қиындай түскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Аймақ апта сайын тазаланса да, бірнеше күннен кейін бәз баяғы қалпына түседі. Сондықтан эко-белсенділер қоқыр-соқыр жинайтын алаңды қоршап, айналасын абаттандыру керек екенін айт
«Полигонда қоршау болуы керек, ол биік, үстінде кішкене төбешік болуы тиіс. Сол кезде жел көтерген пакеттер ұшпайды. Сонымен қатар, полигонның айналасын ағаштармен көгалдандыру керек. Ағаштар жел ағынын бәсеңдетіп, кей заттарды ұстайды», - эко-белсенді Евгений Лазарчук
Мәселеден полигондағылар да хабардар. Мамандар алдағы уақытта шамамен 3-4 метр болатын қоршау салу жоспарда барын жеткізді.
«Қақпа тұр, соған қарамастан қоқыс ұшып келіп жатыр. Жазда 4-3 метр биіктікте қоршауын саламыз деп жоспарлап отырмыз», - деді қалалық тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының директоры Арсен Жоламанов.
Оқи отырыңыз: Көршісі мен оның анасын пышақтап өлтірген азамат сотталды