Көршісі мен оның анасын пышақтап өлтірген азамат сотталды

Жантүршігерлік жағдай кәмелетке толмаған жасөспірімнің көзінше болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада 49 жастағы ер адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Қаскөйге 34 жастағы көршісі мен оның анасын пышақтап өлтіргені үшін айып тағылған. Сорақысы сол, жантүршігерлік жағдай кәмелетке толмаған жасөспірімнің көзінше болған. Қайғылы оқиға қаңтар айында қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тіркелген. Бүгін сот резонанстық іске соңғы нүктесін қойды.

«Сот үкімімен сотталушы Ш ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен 1,5-тармақтарымен, ҚК-тің 107-бабының 2-бөлігінің 8-тармағымен кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің58-бабы 4-бөлігі негізінде онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы  түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалады. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді», Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілігінің басшысы Ерлан Раушанбекұлы.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында жұмысшылар мінген автобус аударылды

Новости партнеров