Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылық православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала басшысы бұл күннің православ христиандары үшін ең маңызды әрі жарқын күндердің бірі екенін атады.
"Терең рухани мағынаға толы бұл мереке сүйіспеншілікті, мейірімділікті және игіліктің салтанат құруына деген сенімді білдіреді. Қоғамдағы келісім мен татулықтың маңыздылығын, өзара құрмет пен ынтымақты нығайтуды еске салады", – делінген қала әкімінің құттықтауында.
Әкім Қазақстанның Православ шіркеуі конфессияаралық келісімді дамытуға және қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға баға жетпес үлес қосып келе жатқанын жеткізді.
"Бұл жарқын Рождество күндері барлық православ христианына шын жүректен шаттық, бейбітшілік және амандық тілеймін!", – деді Ерболат Досаев.
Оқи отырыңыз: Рождество: әлемде бұл мерекені қалай атап өтеді