Ақмола облысында 100 гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Julien-Pier Belanger/unsplash.com
Julien-Pier Belanger/unsplash.com

Заң бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік орман иеленушілердің мекенжайына прокурорлық қадағалау актілері енгізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен орман қорының 100 гектардан астам жері қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұзақ және қысқамерзімді орман пайдалану шарттарының талаптарын бұзу фактілерін анықтады.

Заң бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік орман иеленушілердің мекенжайына прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

Қарау нәтижелері бойынша жосықсыз орман пайдаланушылармен жасалған шарттар бұзылып, ауданы 100 гектардан асатын, кадастрлық құны 1,3 млрд теңге болатын 4 жер учаскесі қайтарылды.

"Орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осылайша, табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен орман қорын ұтымды пайдалану және сақтау қамтамасыз етілді", - делінген Ақмола облысы прокуратурасы хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматыда Саин-Жұбанов жолайырығындағы бұрылыстар уақытша жабылады

 

Новости партнеров