Прокуратура жер учаскесіне иелік ету заңдылығына тексеру жүргізілді
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен кадастрлық құны 53,4 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Бурабай ауданы прокуратурасының бастамасымен Жер ресурстарын басқару департаменті «Кипрос» ЖШС-нің пайдалануындағы жер учаскесіне иелік ету заңдылығына тексеру жүргізілді.
«Тексеру барысында серіктестік 2012 жылдан бері Щучье көлі жағалауында орналасқан 3 гектар жер учаскесін иеленіп келгені анықталды. Жер заңнамасының талаптарын бұза отырып, 10 жылдан астам уақыт бойы жер учаскесі игерілмеген, құрылыс жұмыстары басталмаған”, - делінген хабарламада.
2023 жылы жер пайдаланушыға учаскені игеру туралы міндетті нұсқама берілген, алайда 2024 жылы ешқандай шаралар қабылданбаған.
Тексеру нәтижелері бойынша Департамент сотқа жүгінді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен кадастрлық құны 53,4 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті.
Қолданыссыз жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда және аудан прокуратурасының тұрақты бақылауына алынды.
Оқи отырыңыз: Әлемдік инвесторларды тарту: Қазақстан геологиясына 12 млрд теңге инвестиция құйылды