Жүзуден Әділбек Мусин Испаниядағы турнирде жеңіліс тапты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Спортшы бірінші күні ең үздік нәтиже көрсетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазіргі уақытта Барселона (Испания) қаласында жүзуден ірі халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші күні Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Әділбек Мусин көрсетті. Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден финалда төртінші болып келді.

Төменде А және В финалдарында өнер көрсеткен спортшыларымыздың нәтижелері келтірілген:

  • Ксения Игнатова - 200 метрге арқамен жүзу, 8-орын;
  • Ксения Игнатова - 50 метрге арқамен жүзу, 16-орын;
  • Арсен Қожахметов - 50 метрге брасс әдісімен, 15-орын;
  • Софья Сподаренко - 50 метрге баттерфляй әдісімен, 10-орын;
  • Максим Сказобцов - 100 метрге баттерфляй әдісімен, 14-орын.

Оқи отырыңыз: Бокстан Астанада өтетін әлем кубогына кімдер қатысады

Новости партнеров