Ақмола облысында мектеп оқушысы соққыға жығылды

Dan Burton/ unsplash.com/
Dan Burton/ unsplash.com/

Баланың анасының айтуынша, күдіктілер мас болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында мектеп бітіру кешінен кейін белгісіз екі адам 18 жастағы бозбаланы ұрып-соққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Баланың анасының айтуынша, күдіктілер мас болған. Оқиғадан кейін бала ауруханаға жатқызылды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түлектің соққыға жығылғаны туралы ақпаратты растап, бұл факті бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.

"Арыз түскен күні Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжалдың барлық қатысушысы дереу анықталып, жауап алынды", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Ведомство қылмыстық іс аясында оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Оқи отырыңыз: 1 шілдеден бастап жарық бағасы өзгереді

Новости партнеров