Ақмола облысында мешіттегі жарылыстан 3 адам қаза тапты

18.11.2024 13:57

Үйінді астынан табылған үш адамның бірі – 12 жастағы бала

Ақмола облысында бұрынғы мешіт ғимаратында болған жарылыстан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға Қорғалжын ауданына қарасты Сабынды ауылында болған. Үйінді астынан табылған үш адамның бірі – 12 жастағы бала. Тағы 16 адам ауруханаға жеткізілді. Арасында балалар бар. Ауыр жарақат алған 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Құтқарушылар қиранды арасынан 6 газ баллонын шығарған. Қазір жедел штаб құрылып, жарылыстың неден болғанын анықтап жатыр.

"Алдын ала болжам бойынша, жарылыс бөлмедегі температураның қатты ысуынан болған. Салдарынан газ баллондарындағы қысым көтеріліп, жарылған. Оқиға орнынан табылған газ баллондары 1985-ші жылдан бері қолданылып келеді екен. Негізі, оларды пайдалану мерзімі 30 жыл. Ал, бұл жабдықтар әбден ескірген", – деді ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда қысқы кезеңге дайындық жұмыстары қалай жүріп жатыр