Ал аман қалған жеткіншек ауыр жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді
Ақмола облысында ойнап жүрген екі балаға найзағай түсіп, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал аман қалған жеткіншек ауыр жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді. Облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға кеше сағат 14:00-де Біржан сал ауданындағы Үлгі ауылында болған. Ал екі жеткіншектің Астана қаласының тұрғыны екені анықталыпты. Қазір қайғылы жағдайдың мән-жайы тексеріліп жатыр.
«Біржан сал ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері 2015 жылы туған баланың қайтыс болуы және 2010 жылы туған баланың жарақат алу фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу келді. Қазіргі уақытта полиция толық ақпарат жинақтауда. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деді Полиция департаментінің аға инспекторы Алмагүл Тұрсымбаева.
Оқи отырыңыз: Үржардағы қайғылы оқиға: екі баланың жағдайы әлі де ауыр