Дәрігерлер балалардың жағдайы туралы айтты
Абай облысы Үржар ауданында көлік қағып кеткен екі баланың жағдайы әлі де ауыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Қазіргі таңда зардап шеккен балалар елордадағы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында ем қабылдауда.
«21 тамызда Абай облысынан елордаға жеткізілген балалардың жағдайы әлі де ауыр. Екі бала да жансақтау бөлімінде жатыр. Балаларда көптеген сүйек сыну мен ауыр жарақаттары бар», - деп атап өтті аурухананың баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 19 тамызда Абай облысы, Үржар ауданының Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен дәрігерлердің бақылауында.
Оқи отырыңыз: Үржардағы қайғылы жағдай: екі бала арнайы бортпен Астанаға жеткізілді