Жолаушы қауіпсіздік шараларын бұзған
Ақмола облысында қауіпсіздік шараларын сақтамаған ер адам жүк тиегіш трактордың доңғалақтарының астында қалып мерт болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Іnformburo.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Державинск қаласынан екі шақырым жердегі далалық жолда болған.
«Lunking маркалы жүк тиегіш трактор салонында бір ғана орындық болғанына қарамастан, жолаушы сүзгіш кассеталарында отырған. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушы жатып тепе-теңдігін жоғалтып, көліктің артқы дөңгелегінің астына құлап кеткен. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.
Жүргізуші алкогольді ішімдік ішпеген.
Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Трактор мамандандырылған автотұраққа қойылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері жұмыс берушілер мен арнайы техника иелерінен қауіпсіздік техникасы бойынша ұдайы инструктаж өткізіп, жабдықты пайдаланудың барлық стандартының сақталуын бақылау қажет екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Он жастағы баланы өлтірген: Жамбыл облысында күдікті өгей әке ұсталды