Он жастағы баланы өлтірген: Жамбыл облысында күдікті өгей әке ұсталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында 10 жастағы баланың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиға өңірде бала асырап алған отбасылардың бірінде болған. Баланың өліміне дейін оған қатыгездік көрсетілген болуы мүмкін деген күдік бар. Бұл отбасында тағы төрт асыранды бала тәрбиеленіп жатыр.

Жамбыл облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.

— Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу жан-жақты, объективті және толық көлемде өтеді, — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

Оқи отырыңыз: Петропавлда жасөспірімді қызды қатарластары соққыға жығып, ақша бопсалаған

Новости партнеров