Ақмола облысында жанармай бекетінде ер адам тоққа түсіп, қаза болды

16.10.2025 16:58

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Аlmaty.tv

13 қазанда сағат шамамен 09:45-те жанармай құю бекеттерінің бірінде ер адам тоққа түсіп, сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.  

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Болжам бойынша, оператор автоцистернаның тіркемесіне көтерілген кезде электр жеткізу желісіне тиіп кетіп, тоқ соғу салдарынан оқиға орнында қаза тапқан", – деп хабарлады ведомство.

Облыстық еңбек инспекциясы комиссия құрылып, тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан шетелдіктер ұсталды