Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

05.10.2025 16:11

Сондай-ақ үш адам, оның ішінде бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

Depositphotos.com

Ақмола облысында жол-көлік апаты салдарынан бір адам қаза тапты. Сондай-ақ үш адам, оның ішінде бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

nayza_kokshe Іnstagram-паблигінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 3 қазанда Астана – Қарағанды тасжолында болған.

«Аршалы ауданына қарасты Шөптікөл ауылының маңында Changan CS 55 PLUS көлігі жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан бір жолаушы қаза тауып, жүргізуші мен үш жолаушы, оның ішінде кәмелетке толмаған адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті осыған ұқсас жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға, әсіресе, қозғалыс қарқынды аумақтарда жылдамдықты сақтау және көліктің техникалық жағдайын қадағалау маңызды екенін еске салады.

Оқи отырыңыз: Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты