Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қайғылы оқиға 3 қазанда Омбы–Майқапшағай тасжолында болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қайғылы оқиға 3 қазанда Омбы–Майқапшағай трассасында болған.

«Бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркеліп, адам өліміне әкелді. Қайғылы жағдайлардың себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу: қарсы жолаққа шығу және тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылу. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты», - делінген хабарламада.

Абай облысының Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларға рөлге отырған әр сәтте аса мұқият әрі жауапты болуды ескертеді.

«Есіңізде болсын – сізді үйде жақындарыңыз күтіп отыр», - делінген ПД хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Жазушы, сатирик Еркін Жаппасұлы өмірден өтті

Новости партнеров