Ақордада мектептердегі тәрбие жұмысының жаңа бағдарламасы талқыланды

14.11.2024 21:51

Бұл бағдарлама білім беру ұйымдарына биылғы 1 қыркүйектен енгізіле бастады

Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен мектептердегі тәрбие жұмысы жөнінде кеңес өтті. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері және "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын әзірлеген жұмыс тобының мүшелері қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған құжат Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес дайындалды. Бұл бағдарлама білім беру ұйымдарына биылғы 1 қыркүйектен енгізіле бастады.

"Мемлекеттік кеңесші тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мектеп пен ата-аналардан күш жұмылдыруды талап ететін күрделі үдеріс екенін атап өтті. Бағдарлама отаншылдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, ынтымақтастық, жасампаздық пен жаңашылдық секілді іргелі құндылықтарды кеңінен дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойына сіңіруді көздейді", - делінген хабарламада.

Жиын соңында Ерлан Қарин барлық білім беру мекемесінде тәрбие жұмысының жаңа бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға және оны одан әрі ілгерілетуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда сабақтан қалған жасөспірімді сот арнайы мектепке жіберуден бас тартты