Ақсай қаласында ит қапқан 5 жасар қыз ауруханаға түсті

БҚО Ақсай жұртшылығының Facebook парақшасынан
БҚО Ақсай жұртшылығының Facebook парақшасынан

Бала бірнеше жерінен жарақат алған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстанда қаңғыбас иттер қызға шабуыл жасап, жарақат алған қыз жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақсай қаласы әкімінің аппараты Telegram каналында мәлімдеді. 

"Ойын алаңының аумағында (Алексеева көшесі, қаланың солтүстік бөлігі) иттер қызға шабуыл жасады. Жедел жәрдем шақырылды", – делінген хабарламада. 

Оқиға 11 қазан күні болған. Бала бірнеше жерінен жарақат алған. Алғашында жансақтау бөліміне түскен қыз қазір хирургия бөліміне ауысты. 

"Қабылдау кезіндегі травматикалық шок белгілерін ескере отырып, бала реанимация бөлімшесіне жатқызылды, емдеу кезінде жараларды хирургиялық емдеу, сіреспеге қарсы сарысумен шұғыл егу жұмыстары жүргізілді. Жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы тұрақталып, хирургия бөліміне жатқызылды", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Қазір қыздың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Қыз өзі тамақтанып, жүре алады. 

Оқи отырыңыз: Шахтинск қаласында әскери қызметшінің денесі табылды

Новости партнеров