АҚШ Алматыдан жер телімін жалға алады: Сенат келісімді мақұлдады

08.05.2025 14:26

Алматыда 70 мың шаршы метр аумаққа Америка консулдығы салынады

АҚШ Қазақстаннан 49 жылға жер телімін жалға алады. Бүгін Сенаторлар тиісті заң жобасын мақұлдап, Президентке жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Құжатқа сай, Алматыда 70 мың шаршы метр аумаққа Америка консулдығы салынады. Жерді жалдау ақысы 25 миллион доллар және бұл сома келісім күшіне енгеннен бастап 30 күн ішінде төленеді. АҚШ Үкіметі жер учаскесі мен консулдық ғимаратқа қатысты барлық салық пен басқа да төлемдерден босатылады.

Заң жобасы ратификацияланғаннан кейін Хьюстонда тағы бір Қазақстан консулдығы ашылады. Бұл келісім екі ел арасындағы инвестициялық және экономикалық ынтмақтастықты арттырып, дипломатиялық өзара іс-қимылды нығайтады. Екі елдің азаматтары үшін визалық және консулдық рәсімдерді жеңілдетуге ықпал етеді. 

«Сондай-ақ консулдық ғимараттың құрылысына, оның күтімі мен жөндеуіне, байланыс қызметтері мен электр, газ, су, жылу және басқа да коммуналдық қызметке қатысты барлық шығын АҚШ Үкіметінің есебінен жүзеге асырылады. Консулдықтың жабдықтау мен жиһаздау үшін АҚШ Үкіметі импорттайтын барлық материал мен тауар кедендік төлемдерден, импорт салығынан және рұқсат алуға қатысты талаптардан босатылады», - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Нұғманов.

Оқи отырыңыз: Алматы дәрігерлері ауыр жарақат алған малайзиялық азаматтың өмірін сақтап қалды