АҚШ-тан есірткі жеткізген күдіктілер 16 жылға сотталды

30.04.2025 10:00

Айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде Алматыда 4,38 грамм оралған мефедрон табылды

GRAS GRÜN/ unsplash.com/

Ақмола көлік прокуратурасы және Астана қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ел аумағына есірткі құралдарын, оның ішінде халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы әкелуге жол бермеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан ҚР азаматтарының атына халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы тұрмыстық өнім ретінде жасырылған есірткі заттары түскені анықталды.

«Қазпошта» АҚ Астана қаласындағы кедендік бақылау аймағында 1,2 кг гашиш майы тәркіленді. Сонымен қатар, айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде Алматыда 4,38 грамм оралған мефедрон табылды», - деп жазды Бас прокуратурадан.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды контрабандаға және өткізуге кінәлі деп таныды. Оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:Түркияның құқық қорғау органдары іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды