Демалыс орнында 13 бала мен 2 ересек адам уланы қалған
Атырауда 15 адам уланған хауызда хлор ерітіндісі шекті нормадан асқан. Мұны сараптама жүргізген эпидемиологтар растады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандар судағы химиялық қоспаның мөлшері өте көп екенін айтты. Зерттеу әлі де жалғасып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қаладағы демалыс орнында 13 бала мен 2 ересек адамның уланғанын айтқан едік. Шомылып жүріп, тұншыққан тұрғындардың үшеуі, тіпті жансақтау бөліміне түскен. Қазір аталған аумақ уақытша жұмысын тоқтатты. Ал кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалған.
«Ауадан хлор буына тоғыз нүктеден өлшеу жүргізілген болатын, оң нәтиже анықталған жоқ. Яғни ауада хлор қалдығы болған жоқ. Ал бірінші және екінші балалар бассейнінен алынған судан жалпы кермегі хлоридтар саны және еркін хлор қалдығы артқан, сонымен pH көрсеткіші көбейген. Зертхана зерттеуі әлі аяқталған жоқ, микробиология зерттеуі әлі жүргізіліп жатыр», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Ысқақова.
Бұған дейін Атырауда демалуға барған 3 бала жансақтау бөліміне түскенін еске салайық